CaspianLife, 24 мамыр — Әлеуметтік желіде ақтаулық балалардың »Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында ойнап жүрген видеосы тарады. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар кәмелетке толмаған.
Тәртіп сақшыларына кешкі сағат 19:45-те шатырда балалар жүргені туралы қоңырау түсті.
«Оқиға орнына ювенальды полиция қызметкерлері барған кезде шатырда ешкім болған жоқ», — делінген хабарламада.
Полиция балалардың кім екенін анықтауда. Сондай-ақ, шатырға шығатын есіктің жабық екенін қосты.