CaspianLife, 23 мамыр — Маңғыстау облысында мектеп бітіру кешін дүркіретіп тойлауға тыйым салды. Бұл туралы жергілікті білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева мәлімдеді.
Түлектерге демалыс агенттіктерді, жеке студия өкілдерін, әртістер мен көліктерді жалға алуға болмайды.
Мамаеваның сөзінше, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы ұйымдастырады, ал шара мектеп қабырғасында өтуі керек. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға және кешті басқа ойын-сауық орындарында жасауға тыйым салынады.
«Мектеп бітіру кешінде оқушылардың ата-анасы, мұғалімдер, демеушілік ұйым өкілдері де қатыса алады», — деп толықтырды Гүлмира Мамаева.
Биыл Маңғыстау облысында 7562 оқушы мектеп бітіреді, оның 7114-і мемлекеттік, 59-ы жеке, 389-ы кешкі мектепті тәмамдайды.
11 сыныптар үшін мемлекеттік емтихандар 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.
«Алтын белгіге» үміткерлер барлық қорытынды емтихандарын мектеп қабырғасында тапсырады. Ал аттестат беру рәсімі 16-17 маусымға жоспарланған.