CaspianLife, 19 мамыр — Форт-Шевченко тұрғыны теңіз жағасынан итбалықтардың өлексесін тапты.
Видео авторы баламен серуендеп келе жатқанда жағада жатқан 2 өлі итбалықты байқаған.
«Ары қарай жүрсем тағы бірнешеуі болуы мүмкін. Себебі, алыстан құстардың шулап бірнәрсені шұқып жатқанын көрдім», — дейді тұрғын.
Түпқараған ауданының әкімдігі өлген итбалықтарды жинап, өлу себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Айта кетелік, мұндай оқиға бұған дейін де бірнеше рет қайталанған болатын.