CaspianLife, 18 мамыр — Осы жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтар қаржылық пирамида туралы ескертулерді СМС арқылы алатын болады. Бұл туралы Бас прокуратура Берік Асылов мәлімдеді.
Асыловтың сөзінше, соңғы 5 жылда қаржы пирамидасы бойынша фактілер өскен. Мәселен, 2018 жылы – 103 іс болса, 2021 жылы – 160 іс тіркелді.
Сондықтан, қыркүйекте Парламентке қылмыстық заңды оңтайландыру мәселелеріне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынбақ. Оған сәйкес, заңсыз әрекеттен кіріс алған сәттен бастап жауапкершілікке тартылады. Заң жобасы бұған дейін Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында талқыланып, мақұлданған.
«Мұндай шаралар аталмыш қылмысқа қатысты фактілерді азайтатын болады. Мәселен, осы жылдың төрт айында қаржылық пирамидалардың тіркелген фактілерінің саны 74,3%-ға, сотқа жіберілген істер 70%-ға азайды. Ал, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар 100%-ға өсті», — делінген Бас прокурордың хабарламасында.