CaspianLife, 16 мамыр — Осы жылдың 4 айында «Сергек» камералары арқылы 37051 заңбұзушылық тіркелді. Олардың басым көпшілігіне жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған.
Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді «Сергектен» түскен айыппұлдың қайда кететінін айтты.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша төленген айыппұлдарбюджеттік сыныптама коды (БСК) бойынша жергілікті бюджетке түседі. Осы жылдың 4 айында «Сергек» камералары арқылы 335 338 557 тг айыппұл төленді. «Сергек» толық автоматты режимде жұмыс істейді. Егер көлік жүргізушісі құқық бұзушылықпен келіспесе, тиісті органдарға шағымдана алады», — дейді ол.