CaspianLife, 21 сәуір — Атырау қаласының Дамбы ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртенді.
Қызыл жалын 9 га аумақты қамтыды.
7 сағатқа жуық уақыт жалындаған өрт сағат 08.00-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі (1 қызметкер,1 бірлік техника), Жедел-құтқару жасағы (1 құтқарушы, Трэкол), №4 Өрт сөндіру бөлімі (6 қызметкер, 1 бірлік техника), АШ-7 (автомобиль штабной) (3 қызметкер 1 бірлік техника), Солтүстік Каспий экологиялық шұғыл әрекет ету базасы (4 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.