CaspianLife, 15 сәуір — Облыстық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «Дина» базарына қатысты «Монополиялық жағдайды теріс пайдалану, сауда орындарын жалға беру қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу» дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері бойынша «Дина» сауда-өндірістік компаниясының қала аумағында басым жағдайға ие екені анықталды.
«Сауда нүктесіне қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда басшылыққа кірістің 3 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады және монополиялық жолмен алынған кіріс тәркіленетін болады», — деп мәлімдейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.