CaspianLife, 15 сәуір — Атырау қаласындағы «Авангард-3» ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртеніп, бір адам мерт болды деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Жалын тұрғын үйдің 15 шаршы метрін шарпыған. Пәтер иесі 1949 жылғы азамат медициналық тексерістен кейін үйге жіберілсе, жұбайы екінші дәрежелі күйікпен аураханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, олардың 46 жастағы ұлы оқиға орнында қайтыс болды. Құтқарушылардың айтуынша, өрт отты дұрыс қолданбағаннан шыққан.