CaspianLife, 13 сәуір — Елімізде Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз», — дейді Қорғаныс министрлігінен.
Дегенмен, Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылатын болады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жоспарланған. Министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізбекші.