CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда Жайық өзеніне түскен екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурызда екі ер адам Жайық өзеніне түскен. Атырау қалалық полиция басқармасына жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері сағат 14:43 шамасында Жайық жағалауында белгісіз адамдардың суға түсіп жатқанын байқаған. Соған байланысты учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
«Тәртіп сақшылары тексеру кезінде белгіленбеген жерде суға түскен 33 және 42 жастағы ер адамды анықтады. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 364-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.