CaspianLife, 25 наурыз — Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 31 жастағы ер адам қаруды заңсыз сақтап, тасымалдаған.
«Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағым өкілінен серия нөмірі өшірілген «ОСА» маркалы травматикалық тапаншаны тауып, тәркіледі. Қаруға сараптама тағайындалды. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды» — деді полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.