CaspianLife, 9 наурыз — Атырау облысы аумағында 6-8 наурыз аралығында көлік құралдарының материалдық шығынмен орын алған 64 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. Жылыой ауданында бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. ЖКО салдарынан төрт жолаушы дене жарақатын алған.
Өз кезегінде Атырау облысы Полиция департаменті жолдардағы төтенше жағдайды болдырмау үшін жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолда абай әрі мұқият болуды, сондай-ақ жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.