CaspianLife, 2 наурыз — Бұл туралы 23 жастағы мас жігіт Атырау қалалық полиция басқармасының 102 номеріне хабарлаған.
«Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері Атырау қаласының М.Баймұханов көшесінде орналасқан орта мектеп ғимаратына тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 1999 жылғы тұрғынды анықтап, ұстады. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен 23 жастағы жігіттің жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сəйкес жарияланбайды.