CaspianLife, 1 наурыз — 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Атырау, Маңғыстау және Қазақстанның тағы басқа аймақтарында ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізіледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габритті автокөліктердің қозғалысына тыйым салынады.
Бұл шектеу көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін енгізіледі.