CaspianLife, 23 ақпан — Маңғыстауда бір тәулікте өмірге алты ұл мен екі қыз келген.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. Ең кішкентай баланың салмағы 1 950 грамды құрады, ал ең ірісі – 3150 грамм.
Айта кетейік, 2021 жылы «Ана мен бала» перинаталдық орталығы егіздердің дүниеге келу көрсеткіші бойынша көш бастаған. Перзентханада бір жылда 169 егіз және үш үшем дүниеге келді.