CaspianLife, 15 ақпан — Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды, екі адам ұсталды.
Оның өлгенге дейін немесе одан кейін бөлшектелгені әзірге белгісіз. Алайда прокурордың айтуынша, оны ұзақ уақыт бойы азаптап, қатыгездікпен өлтірген.
«Екі сөмкенің ішінен адамның сүйегі табылды, ол Қазақстан азаматына тиесілі», — деді прокурор.
Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Ер адамдар қазақстандық тұрған үйде бөлме жалдап тұрған екен.
Прокуратураның мәліметінше, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушіден қарызын төлеткізу үшін келген.