CaspianLife, 31 қаңтар — Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, учаскелік полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар паналайтын орындарды тексеруді қолға алған.
«Ауа-райы күрт суытатын қысқы мезгілде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар жылу трассалары мен жертөлелерді, қараусыз қалған саяжай үйлері секілді орындарды паналайды. Рейд жүргізген сақшылардың міндеті – үй-күйсіз жүрген адамдардың суықта үсіп қалуын болдырмау. Осындай рейдтік іс-шараның бірінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекен-жайы жоқ 6 адамды анықтап, Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орталығына орналастырды. Ал, жыл басынан бері қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 50-ге жуық адам жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.