CaspianLife, 24 қаңтар — Газ сатушылар үкімет тапсырмасының орындаусыз қалғанын алға тартуда.
Маңғыстаулық кәсіпкерлер газды Жаңаөзенедегі зауыттан тікелей сатып алатын мүмкіндік туғанына және электронды сауда алаңы мен газ тарату желілік ұйымдары сияқты делдалдардың жойылғанына қуанышты. Бірақ Үкіметтегілердің тапсырмасы әзірге сөз жүзінде қалып тұр. Нақты іске көшу созылып барады дейді олар. Осы мәселе алаңдатқан бір топ кәсіпкер кәсіпкерлер палатасында билік өкілдерімен кездесті.
Митингтен соң, содан бері 50 тг сатылып жатыр. Декабрдың 25-де ЭТП арқылы ұтқан газды мен қымбат бағадан алдым. Мен 136 мың тг алдым тоннасын. Литріне 88 тг түсіп тұр. Оны 50 тг сатып жатырмын. Айырмашылықты төлейміз деген оған да әлі нақты бұйрық жоқ,- дейді кәсіпкер Бауыржан Алдамжаров.
Маңғыстаудағы бейбіт шеруден соң сұйытылған отынның бір литрі 50 тг сатылуда. Бұл бағаны тұрақты ұстап тұру үшін кәсіпкерлер газдың тоннасын 31360 теңгеге сатып алуы қажет. Одан басқа жұмысшылар жалақысы мен салық, көлік пен тасымал шығыны тағы бар.
Дүйсенбі күні шешілуі керек, болмаса кеш қаламыз. Комиссия жұмысын бастап қала, аудандарға газ бөлуді қолға алуы керек. ГПЗ-мен келісімшарт жасауымыз керек. Оған да уақыт кетеді,- деп ашынады кәсіпкер Бауыржан Алдамжаров.
Бұл мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына хабарласқанбыз, бірақ олар жарытып жауап бермеді. Тек энергетика министрлігінен жауап күтіп отырғандықтарын айтты.