CaspianLife, 24 қаңтар — 23 қаңтар күні сағат 19.00-де Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері Перетаска каналының ортасына жақын жерде жоғалып кеткен баланың денесін тапты.
9 жасар Сайали Эппили 22 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында Балықшы шағын ауданында Абай көшесі, 19 ауласынан кетіп қалған болатын. Кеше жоғалған баланы 200-ге жуық адам іздеді. Оған 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар мен 60 ерікті қатысты.
«Бүгін кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі судан табыллы. Бұл ақпаратты іздестіру жұмыстарын басқарып жүрген №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Әнуар Кокалов растады» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы 2021 жыл ішінде Атырау облысы бойынша 28 адам суға батып кетті, оның 10 бала.