CaspianLife, 11 қаңтар — Жаппай тәртіпсіздіктен соң Атырау мемлекеттік университетінде қалған 21 студент азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
«Біздің университетте еліміздің жас өрендерімен бірге, шетелдің жастары да жоғары білім алады. Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының тұрғындары. Шетелден келіп оқитын қандастарымыз жергілікті студенттермен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары», -дейді университет ректоры Саламат Идрисов.
Ректордың айтуынша, жатақханада қалған студенттерге азық-түлік жеткізіліп берілген.