CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысында төтенше жағдай талаптарын бұзған 78 факті тіркеліп, әкімшілік іс қозғалды.
Атырау облысы бойынша төтенше жағдай кезіндегі жағдай толықтай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды. Атырау қаласына кіре беріс барлық тасжолдарда блок-бекеттер жұмысын жүргізуде, қалаға кіріп-шығатын барлық көліктердің жолаушылары мен жүксалғыштары толықтай тексерілуде. Облыста коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін сақталып, осы уақыт аралығында облыс орталығына кіруге тиым салынғанын ескертемін. Қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін полицияның жеке құрамы 100 пайыз күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Тұрғындардан қандайда бір ұйымдасқан топтардың құқықбұзушылығын байқасаңыз міндетті түрде 102 операторына хабарлауын сұраймын. Сонымен қатар, Сіздерден үйлеріңізден шықпауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимінің барлық талаптарын орындау қажет — деді, Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сатуға салынған тиымды бұзған 4 кәсіпкерлік нысанға қатысты ӘҚБтК-нің 476 бабы 3 бөлігімен іс құжаттар жинақталып сотқа жолданды.