CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16-17 желтоқсанда дүние есігін ашқан шақалақтардың арасында 28 ұл мен 28 қыз бар.
«Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толған мереке күні – 16 желтоқсанда 37 нәресте өмірге келді. Жас босанған аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Атырау қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы шақалақтардың тууы туралы куәлігін жедел рәсімдеді», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай берілген «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы және баланың тууы туралы куәлігі салынған. Ерекше жиынтық қорап ел бойынша барлығы 2 мың баланың ата-анасына.