CaspianLife, 19 желтоқсан — Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін Республикалық тексеру аясында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 8.00-ден 11.20-ға дейінгі кезеңде Атырау облысы халқын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді.
Дыбыстық сигнал — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, қалыптасқан жағдайда одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін интернет-ресурстарда ақпаратты оқып шығуыңыз керек.
Атырау облысы тұрғындарынан сигнал бойынша ешқандай әрекет жасамауды, тыныштық пен тәртіпті сақтауды сұраймыз, — деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.