CaspianLife, 14 желтоқсан – Атырауда 13 жасар қызды 4 ит талап тастады. Оқиға кеше кешкісін қалаға қарасты Атырау ауылдық округінде болған.
8-сынып оқушысы кешкі 6-дан кете үйінен би үйірмесіне баруға шыққан. Алайда оны бұралқы иттер талап жатқан жерінен ауыл тұрғыны көріп, құтқарып қалыпты. Қазір қыз баланың жағдайы орташа ауыр.
Науқас кеше 19:50 шамасында ауыр жағдайда арахуанаға түскен. Оның сол жақ жауырыны тістелген. Оған қоса, бетін, екі иығы мен білегі, жамбасы және аяғының төменгі бөлігі жарақаттанған. Оқиғаны көзбен көріп, кішкентай қызды төртаяқтылардан арашалап алған Ринат Абуовтың айтуынша, ауылда қаңғыбас ит көп.
Іңір қараңғы. Шамамен 6:30 андай жерде шаң шығып жатыр екен. Сол жаққа қарай жүгірдім. Барсам 4 ит жан-жағынан тартып жатыр екен. Ана қыз деген қызыл қан. Ұсқыны қаннан көрінбейді. Ана жерге мен келмесем, бөлшектеп жеп қоятын түрі бар.
Мына жаққа толпалап мусор жинайды. Мына мусорға малда келеді. Итте келеді. Таңертең сағат 7-де ата-аналар жұмысқа кетеді. Қасымызға үлкен ер адам алып шықпасақ машинамен шықпасақ мына жақтан иттен шығу мүмкін емес , — дейді тұрғын Мөлдір Қарағұлова.
Тұрғындар осыдан бірнеше күн бұрын мәселені шешуді сұрап, ауыл әкіміне барыпты.
Әкімнің айтқан әңгімесі охотниктер келгенде блогерлер бірге еріп келеді дейді. Блогерлер тұрғасын біздер ата алмаймыз дейді. Заңға байланысты атуға болмайды деп айтады дейді, — деп тұрғындардың бірі айтып берді.
Ал ауыл әкімі болса бұралқы иттерді ату құзырымызға кірмейді деп отыр.
Біздер жыл басынан ветеринария басқармасы округ бойынша 46 рейд жүргізді. Бүгінге дейін 348 бас ит жойылды. Кешедегі жағдай бойынша, 3-4 ит даладан келген ит емес. Өзіміздің шарбағынан шыққан иттер. Неге біздер осы итті асырардың алдында жауапкершілік болмайды. Неге біздер сана-сезім болмайды, неге дұрыс ұстамаймыз, — дейді ауылдық округ әкімі.
Құрманғазы, Атырау және Жаңаталап ауылдарында 11 мыңнан астам адам тұрады. Окугтегі 116 көшенің 25-і ғана жарықтандырылған. Жалпы былтыр 124 адамды бұралқы ит қапса, биыл 11 айдың ішінде 152 адам итке таланған.