CaspianLife, 8 желтоқсан – Полицейлерге кеше кешкі сағат 8-дер шамасында қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткендігін айтып, арыз түсірген. Тәртіп сақшылары баланы арада екі сағат откенде тауып, әке шешесіне тапсырды.
Бүгін жетіде қызым школдан шығып, енді қандай себептен білмейм үйге келмей подружкалерына кетіп қалыпты. Екі сағат іздеп полиция қызметкерлерімен навигатор, камералармен бәрі көмектесіп, полиция қызметкерлері менің қызымды алып келді. Мың да бір алғыс бәріңізге. Енді ондай жаман жағдайлар қайталанбасына тілектеспін бәріне, — дейді қыздың әкесі Абзал Буденов.
Полицейлердің сөзінше, олар баланы Тұлпар ықшам ауданындағы көшелердің бірінен иттен қашып бара жатқан жерінен тауыпты. Кішкентай Альбина 40 мектептің оқушысы.
Тұлпар мөлтек ауданында жолда кетіп бара жатқанда әкімшілік аумағында тексеру барысында қызбаланы байқадық кішкентай жасөспірім, артынан бір ит жүгіріп, қуалап бара жатқан сол жедел уақытта тоқтап сол қызды автокөлігімізге отырғызып, итті қуып жіберіп, бағыттамада тұрған қыз екенін анықтап үйіне жеткіздік, — деді Атырау қалалық ПБ ППБ қызметкері Әлібек Амандық.
Қазір қыз баланың жағдайы жақсы. Полицейлер оның ата-анасымен түсінік жұмыстарын жүргізді.