CaspianLife, 29 қараша – Самал ықшам ауданының тұрғындары болашақта сасыған иістен тұңшығамыз ба деп қорқады. Оған себеп – халық арасында К7 атауымен танымал «Құрылысшы-7» ЖШС салып жатқан көп қабатты үйге тиесілі кәріздік сорғы станциясы.
Тұрғындар станцияның құрылыс жұмыстарына түбегейлі қарсы. Өйткені, азаматтар бұл жұмысты заңсыз деп санайды. Және оларға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатыны туралы ешкім хабарламаған.
Оның заңсыздығын ең басынан қазып бастаған бастап, біз хабардар болғанбыз. Салып бастағанан бері жер асты суын былай шашып, былай шашып, жан жағынан мусорын шашқаннан бастап біз айқай шығарып бастадық. Ең басында біздерге жалған мәлімет берді, бұл су қоймасы деп, — деп ашынады «Самал» ықшам ауданының тұрғыны айнұр Майланова.
Ертең бала ойнайды, сасып жатады, мына жақта коз, вос бари сасып жатыр, жазда невозможно, еще мынау қосылады, сонда біз қалай өмір сүреміз? Осыны талап етемін, тұрғындар атынан, халық атынан талап етемін, егерде орындамайтын болса сотқа барамыз. Акиматтан келіп отқан адамдар ер азаматтарғо, осындай жұмыстың бәрін біледі, документті ашады, көреді, аржағында не болатының біледі, соны біле түра осылай істеп отыр , — дейді тағы бір тұрғынГүлнәр Ізтілеуова.
Ал «Құрылысшы-7» ЖШС-нің Атыраудағы қызметкерлері барлық құрылыс жұмыстары сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілгенін айтады.
Бұл бәрі заңды, как положено техусловиемен алынған зат, бұл деген центральная канализацияға кететін насосная станция. Дәл осы объекттың ішінде 30 штугы тұр. Келіп қарасаңыздар болады. Тұрғындарға да түсіндірдік, ол деген КНС жиналып тұратын емес, центральная канализацияға кететін зат, — дейді «Құрылысшы-7» ЖШС АОФ директоры Тимур Өтемұратов
Бұған дейін тұрғындардың арыз-шағымы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кемшілік анықтапты. Тіпті жұмысты тоқтату туралы шешім де шығарылған. Бірақ, компания оны орыныдамай отыр.
Тұрғындардың арызы бойынша К7 Group мекемесіне тексеріс аштық. 3 хаттама толтырдық. Екеуі 319 бен 463-пен сотқа жібердік. Әрі қарай шешімін, заңсыз құрылысты бұзу бұзбау оны сот шешеді. Содан кейін 316 бабқа сәйкес сараптаманың оң қорытындысы орнаған соң шара қолданамыз, — дейді Атырау облыстық сәулет және құрылысы басқармасының бөлім басшысы Ринат Қапанов.
Көптің қарсылығына қарамастан кәріздік сорғы станциясын салу жұмыстары жүріп жатыр. Амалы таусылған тұрғындар енді компанияны сотқа бермекші.