CaspianLife, 29 қараша – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 29 қарашада қауіпті вирусқа 4 адам шалдыққан.
Оның ішінде Атырау қаласында –2, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында 1 науқас анықталып отыр.
«Қазір 108 адам үй жағдайында, 580 орынға арналған инфекциялық стационарларда 111 адам емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме 19,1%-ды құрайды. Өңірдегі модульдік ауруханада – 69, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 21 науқас оқшауланған», — деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, 58 төсек-орны бар жансақтау бөлімшелерінде жағдайы ауыр 11 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Бұл бөлімдегі жүктеме –18,9%. Өкпені жасанды желдету аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болған.