CaspianLife, 27 қараша – 26 қараша күні Атырау облысы Құлсары қаласының орталығында 1986 ж.т. азаматшаның бірнеше жерде пышақ жарақаты денесі табылған еді.
Тұрғынының өліміне кінәлі 1996 ж.т., күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,- деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз бөлімі.
Тергеу амалдары тікелей Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бақылауында.