CaspianLife, 24 қараша – Атырау облыстық модульді жұқпалы аурулар ауруханасында жыл басынан бері 1109 жүкті әйел емделіп шықты. Қазір мұнда аяғы ауыр 8 келіншек пен 4 бала ем алуда.
Аурухана дәрігерлері оларға вакцинация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Науқастардың кейбірі екпе туралы әлі ойда жүрсе, енді бірі өзіңді және құрсағыңдағы нәрестені қорғап қалудың жалғыз жолы – вакцина алу екенін түсіндік дейді.
Мен өзім мына жаққа түскен кезде өте ауыр халде түстім деп айтсам да болады. Өздігімнен жүре алған жоқпын. Мүгедектерге арналған арбамен тасымалдап жүрді. Бұрын бүйтіп ауырған емеспін, бірініші рет осындай жағдай болып жүр. Ал қазір емдеу курсы аяқталуға жақын. Жағдайым өте жақсы. Жүкті әйел болғаннан кейін тек өзіме емес, балаға да жауапкершілігіміз бар. Вакцина алуға кеңес беретін едім. Өзім ауырып тұрғаннан кейін, өзім көргеннен кейін,- дейді науқас Фариза Басығариева
Ақ халаттылардың сөздерінше, мұнда түсетін жүкті келіншектердің көбі вакцина алмаған. Ковидтің қаупі туралы бұған дейін талай айтылып жүрсе де, әйелдер жағдайға әлі де немқұрайдылықпен қарайды дейді олар.
Жүктілік кезінде оларда организмдерінде өзгерістер болады. Гормональный өзгерістер болады, иммунитеттері өте төмен болады. Оладың организмі өте әлсіз болып келеді. Күресуге, қарсы тұру қабілеті әлсіз. Сол себепті оларда ауыр, орташа ауыр, жағдайда өтті. Өте аз мөлшерде. Әрі кетсе бір 1 процентке жетер жетпес адам вакцинация алған, — деп атап өтті модульді жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Жантөре Орысбаева.
Өткен сенбіде Атырау облысына Pfizer вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің 32 760 дозасы жеткізілді. Қазіргі таңда бұл екпе 20 мектеп оқушысына, 8 жүкті әйел және 2 емізулі анаға салынды.