CaspianLife,19 қараша – Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Атырау облысында екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі, полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің (KLPE ЖШС) құрылысы. Іске асыру кезеңі — 2023-2027 жылдар.
Сондай-ақ бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша жоба («Бутадиен»ЖШС). Іске асыру кезеңі — 2024-2025 жылдар», – деп хабарлады Махамбет Досмұхамбетов.
Айта кету керек, бүгінде облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы, KPI ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы және Газ өңдеу зауытының құрылысы («GPC Investment»ЖШС) бар.