CaspianLife, 9 қараша – Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 27 қазан-5 қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен.
«Аталған іс-шараның бір күнінде жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» камераларының көмегімен айыппұлын төлемеген 7 жүргізушіні анықтады. Олардың төленбеген айыппұлының мөлшері 1 млн 850 мың теңгені құрады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілер басқарған көліктің 1-уі Армения Республикасынан, 1-уі Қырғызстан Республикасынан, 5-уі Ресей Федерациясынан әкелінген.
Екі жүргізуші 377 мың теңге айыппұлды ұсталған бойда төлеген. Ал, 5 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, көліктері арнаулы тұраққа қойылды.