CaspianLife, 21 қазан – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты 20 қазанда, сағат 5:00 шамасында болған.
«Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.