CaspianLife, 29 қыркүйек — Қазақстанда әлі күнге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағынан тыс шығарылмаған 500 шетелдік автомашина бар.
Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде қазіргі уақытқа дейін 4 708 шетелдік көлік құралы әкелінді, оның ішінде 500 көлік құралы әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №47 шешімі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға, сондай-ақ жеке тұлғалардың мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің болмауына байланысты бағытталған шаралар шеңберінде қабылданды. Шешіммен шетелдік көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік құралдарын қоспағанда) уақытша әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғалар үшін уақытша әкелу мерзімдерін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзарту көзделген.
Қазақстан азаматтарының уақытша әкелу мерзімдерін есепке алмай, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша сенімхатпен Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының көлік құралдарына жүріп-тұруына болатындығын ескеру қажет. Армения Республикасынан және Қырғыз Республикасынан әкелінген көлік құралдарын (құралдардың осы санаттары шетелдікке жатпайды) қазақстандықтардың сенімхат бойынша басқаруға құқығы жоқ.
Шетел азаматтары көлік құралын өзі тұратын елге қайтару үшін мемлекеттік шекарадан өте алады, сондай-ақ шетел азаматтары өзі әкетуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда тасымалдаушылардың көмегіне жүгіне алады.
Аталған көлік құралдарына қатысты бұзушылықтарды анықтау жөніндегі мәселені пысықтау уақытша әкелу мерзімі өткеннен кейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Шетелдік көлік құралдарын шығару Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жүзеге асырылуға тиіс. Себебі, шетелдік көлік құралдарын әкету туралы талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (РБ, РФ, КР, ҚР және ар) бүкіл аумағына таралады.
2020 жылғы наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде қазіргі уақытқа дейін 4 708 шетелдік көлік құралы тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасында 500 көлік құралы бақылауда.
«Бұзушылық анықталған жағдайда, аталған көлік құралдары жеке тұлғаға қатысты қажетті шараларды жүргізу үшін айыппұл тұрағына орналастырылады. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасының шеңберінде уақытша әкелу мерзімдері өткеннен кейін жеке тұлғада кедендік төлемдерді төлеу міндеттері туындайды. Төлемдерді аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері есептейтін болады», — деп ескертті МКК-да.