CaspianLife, 24 қыркүйек — Кеше кешкілік Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонған Нұр-Сұлтан — Стамбул бағытындағы Boeing 767 ұшағының жолаушылары бүгін резервтік ұшақпен Стамбулға жетті.
Борттағы 205 адамның ішінде бесеуі бала, бесеуі экипаж мүшесі. Төрт адам Атырауда тұратын туыстарының үйіне, ал екеуі өзге ұшақпен Нұр-Сұлтанға қайтқан. Өзгелері мәселе шешілгенге дейін қонақ үйге орналастырылды. Air Astana АҚ өкілдерінің айтуынша, ұшақтың жанар жағар май жүйесінен ақау шыққан.