CaspianLife, 24 қыркүйек — Пермь мемлекеттік ұлттық университетінде алты адамды өлтірген 18 жастағы студент Тимур Бекмансұров есін жиды. Брифинг барысында Пермь өлкесінің Денсаулық сақтау министрі Анастасия Крутеннің айтуынша, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, бірақ алғашқы жағдайына қарағанда жақсару байқалады.
Ал, студенттің өзі есінде ештеңе жоқ екенін айтыпты. Анастасия Крутен атыс кезінде зардап шеккендердің саны күн сайын артып келе жатқанын атап өтті, қазіргі уақытта 47 адам көмекке жүгініпті. Оның 19–ы стационарларда, бесеуі ауыр жағдайда, екеуі орташа ауыр жағдайда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінде барлық пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланады.
Еске салсақ, 20 қыркүйекте Бекмансұров Пермь мемлекеттік ұлттық университетінде студенттерге оқ жаудырып, нәтижесінде алты адамның өмірін қиды. Шабуылдаушының өзі ұстау кезінде жарақат алды.