CaspianLife, 20 қыркүйек — Еліміздегі ең ірі мұнай тасымалдаушы компания — Каспий Құбыр Консорциумының ұжымы үшін Жайықтың жағасында сенбілік өткізу дәстүрге айналды. Бұл жолы сенбілікке шыққандар 250 қап қоқыс жинап шықты.
«Бұл біздің компания ұйымдастырған екінші акция. Ауысымдық әдіспен қызмет ететін қызметкерлеріміз Жайық жағалауын тазалап, белсенділік танытуда. Мақсатымыз – өзіміз арқылы өзгелерге үлгі болу. Артымыздан өсіп келе жатқан ұрпақты, балаларымызды тазалыққа, экологияны қорғауға шақырамыз. Тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруымыз керек деп ойлаймын», — деді «КҚК-Қ» АҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету менеджері Виктор Мирошниченко.
Каспий Құбыр Консорциумы өзімен бірге серіктес компанияларды да сенбілікке шақырды. Нәтижесінде, 100-ден астам қатысушы 5 тонна қоқыс жинады. Сенбіліктің басты ерекшелігі – қызметкерлерге балалары да Жайық жағасын тазалауға үлес қосты. Мұндағы мақсат – кішкентайларға тазалықты тал бесіктен үйретіп, экологиялық мәдениет қалыптастыру.