CaspianLife, 14 қыркүйек — Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды көздейтін ҚР Үкіметі мен «Сбер» компаниялар тобы қол қойған меморандумнан туындаған қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
«Біз eGov-ты Ресейге бермейміз. «Қазақстандықтардың барлық дерегі РФ-ға қолжетімді болады» деген әңгіме орынды емес. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері көптеген компания шетелдік жабдықтармен жұмыс істейді, бірақ бұл шешімдерді өндіруші елдің барлығы біз туралы деректер ала алады дегенді білдірмейді. Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге бірдеңе береді деп айту мүмкін емес. eGov — бұл барлық мемлекеттік базалармен шина арқылы қосылған «витрина» ғана. Бұл базаларға ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400-ден аса ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін», – деп жазды Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында.
Бағдат Мусин министрліктің міндеті әр түрлі сападағы және әр түрлі технологиялар жасаған жүздеген жүйеден бірыңғай платформада реттелген және түсінікті мәліметтермен ондаған жүйеге көшу екенін түсіндірді.
«Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылыммен салыстыруға болады, олардың орнына біз кіріктірілген техникасы бар ондаған сапалы жаңа құрылым салғымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу үшін цифрландырудың «құрақ» моделінен платформалыққа көшетін кез келді», – деп жазды ол.
Министр Қазақстанның талап қойғанын айтты, яғни, қазақстандық тарап вендор сияқты бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды алып жатыр. «Сбер» барлық қолжетімділікті береді, барлық компоненттің бастапқы кодтарын көрсетеді, барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады.
Ол сондай-ақ, қол қойылған меморандум шарт емес екенін түсіндірді. Үкімет цифрлық трансформация мүмкіндігін қарастыратын меморандумға қол қойды. Бағалау құны шамамен 500 миллион долларды құрауы мүмкін.
«Бұл соманың бір бөлігі жергілікті IT нарығына инвестицияланатынын білдіреді. Қазақстандық компаниялар бұл ақшаны платформалық тәсілді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде пайдаланады. Соманың басқа бөлігі — инфрақұрылымдық шешімдерге, ал үшінші бөлігі ғана — шешімнің өзін «Сбербанктен»сатып алуға жұмсалмақ. Платформалық модельді енгізуге Қазақстанның IT-компаниялары қатысатын болады», — деп жазды Бағдат Мусин.
Министр платформалық модельді таныстыру және енгізуді талқылау сарапшылар комиссиясымен бірге өтетінін, оған жұртшылық пен IT-нарық кіретінін еске салды. «Сбер» платформаның қалай жұмыс істейтінін, оқытуды көрсететін сарапшылармен сессиялар ұйымдастырады. Қазақстан платформада өзі жұмыс істейтін болады.
Министрлік басшысы оған Facebook-те хат жазып, сараптамалық кеңестің тізімін жасау үшін байланыс мәліметтерін қалдыруды ұсынды.