CaspianLife, 7 қыркүйек — Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында атеистердің Қазақстандағы құқықтары заңдастырылатынын айтты.
«Біз сенушілердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты біз түзетулер аясында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, атеисттердің құқықтары деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, бүгінде дінге сенетіндердің құқықтары бар, енді біз атеисттердің құқығын енгізгіміз келеді. Біз — зайырлы мемлекетпіз, дінге, конфессияға, этникалық қатыстылыққа қарамастан заң бәрінен жоғары», — деп хабарлады Нүкежанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіге бірден тарап, желі қолданушылар тарапынан бірнеше қолдауға да, сынға да ілікті. Бірі атеисттердің құқығын заңдастыруды қолдаса, енді бірі ел басқарып отырған шенеуніктерді кінәлап, мемлекетімізді діннен алыстатқысы келеді деген пікір жазды.