CaspianLife, 2 қыркүйек — Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу мәселесі әлі пысықталып жатқанын айтты.
«Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта тасымалдау, жеткізу кестесі және шартқа қол қою мәселелері пысықталуда», – деп мәлімдеді министр.
Цой санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге республикалық бюджет қаражатынан 4,7 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделгенін айтты.
«Зертханалық жабдықтарды жаңғырту қажетті зерттеулердің барлық спектрін орындауға, тестілерді өткізу уақытын қысқартуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай – ақ эпидемиологиялық тексерулерде көмек көрсетуге және індеттің алғашқы себептерін анықтауға мүмкіндік береді», — деп нақтылады ол.
Медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізу үшін орталық құруға 18,3 миллиард теңге қарастырылған.