CaspianLife, 25 тамыз — Дүниежүзілік банк Ауғанстанға көмек көрсету бағдарламасын елдегі билікті «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алғаннан кейін тоқтатты. Егер ұйымға мүше барлық мемлекет ел үкіметін заңды деп танымаса, Банктің қаражат бөлуге құқығы жоқ.
2020 жылдан бастап Дүниежүзілік банк елді қайта құру және дамыту жобаларына шамамен 5,3 миллиард доллар бағыттаған. Қаражат әлемдегі ең кедей мемлекеттерге көмектесетін Халықаралық даму қауымдастығы (IDA) арқылы жіберілді.
2021 жылдың сәуірінде IDA-ның Ауғанстанда жалпы құны 940 миллион долларды құрайтын 12 белсенді жобасы болды.
Сондай – ақ банктің арнайы қоры — Ауғанстанды қайта құрудың Траст қоры елде 15 жобаны жүзеге асырған. Жобалардың жалпы құны 1,2 миллиард долларды құрады. Қаржылық қолдаудың қалпына келуі үшін Дүниежүзілік Банкке мүше 189 мемлекет Талибан бастаған қазіргі биліктің заңдылығын мойындауы керек.