CaspianLife, 16 тамыз — Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық объектісі (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) 16 тамыздан бастап пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты.
Бұл туралы бүгін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аймақ тұрғындарына арналған кең таралған үндеуде пациенттерді жоспарлы қабылдау скринингтер, медициналық тексерулер, дәрігерлердің профилактикалық тексерулерін білдіреді.
«Сіз учаскелік емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медициналық мамандардан онлайн форматта кеңес ала аласыз. Шұғыл жүгіну бойынша пациенттерді қабылдау жалғасуда. Емханалар жанындағы егу пункттері демалыссыз жұмыс істейтін болады», — деді Денсаулық сақтау басқармасынан.