CaspianLife, 09 тамыз — АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті тағы да күшейе түсті. 8 тамыз, жексенбі күні кешке 187,5 мың гектар жер өртке оранды. Мыңдаған адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Отпен күреске мыңдаған адам жұмылдырылды. Елді мекеннің губернаторы Гэвин Ньюком зардап шеккен аудандарға барып, өрт сөндірушілерге «үлкен алғыс» білдірді.
Өрт шілде айының ортасында басталған болатын. Құтқарушылар өртті кемінде екі аптадан кейін сөндіреміз деген болжамда. Желдің әлсіздігі де отты тез өшіруге өз септігін тигізіп жатқанын атап өтті.