CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 386 адамнан Covid-19 анықталды. Қауіпті вирустың басты ошағы Атырау қаласы болып отыр. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Тіркелген 386 жағдайдың 233-ы Атырау қаласында анықталып отыр. Ал, Теңіз кен орнында 36 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.
Инфекция облыстың аудандарында да тез таралуда. Атап айтқанда, Жылыой ауданында — 34, Индер ауданында — 24, Исатай ауданында — 6, Қызылқоға ауданында — 17, Құрманғазы ауданында — 15, Мақат ауданында — 5, Махамбет ауданында -16 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделіп шықты.
Бүгінде 2542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада — 207, фтизиопульманологиялық орталықта — 99, кардиоорталықта — 102, т/ж ауруханасында — 109, аудандық инфекциялық стационарларда — 304 адам ем алуда. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 161 адам жатыр.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.