CaspianLife, 21 шілде — Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау облысында коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысы барысында өңірде соңғы ай ішінде инфекциялық төсек-орын мен науқастар санының қарқынды өсуі байқалғанын айтты. Облыста стационарлық ем қабылдап жатқан тұрғындар саны шілде айының басынан бастап үш есеге артты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жергілікті төсек қорының ауыр жүктемелерін атап өтті.
«Ақтауда инфекциялық төсектердің 64,2%-ы және реанимациялықтың 69%-ы бос емес. Жаңаөзенде инфекциялық төсектердің қамтылуы 80% — ды, реанимациялық төсектердің қамтылуы 43,7% — ды құрады. Сонымен қатар, Ақтауда облыстық перинаталдық орталық деңгейінде реанимациялық төсектердің тапшылығы туындауда, онда 10 реанимациялық төсектің 90% – ы және модульдік инфекциялық стационардағы 55 төсектің 69% — ы бос емес», — деп атап өтті ол.
16-20 шілде аралығында Ақтау қаласының екі емханасы мен үш инфекциялық стационарына жүргізілген мониторинг емханалардағы мобильді бригадалардың жеткіліксіз санын, КВИ клиникалық хаттамаларының сақталмағанын, ал амбулаториялық деңгейде иммуномодуляциялайтын, вирусқа қарсы және бактерияға қарсы препараттарды негізсіз тағайындау және Covid-19 бар пациенттердің жағдайына ұйымдастырылған динамикалық бақылаудың нашар екенін көрсетті.
«Маңғыстау облысындағы бүгінгі жағдай үлкен алаңдаушылық туғызады, КВижұқтырудың одан әрі өсуі төсек қорының жеткіліксіздігіне және тиісінше, халық үшін стационарлық көмекке қолжетімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін», — деп толықтырды Цой.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға аталған проблемаларды шешу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.