CaspianLife, 2 шілде — Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстан халқына қайтаруға көмектесуге уәде берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы айтты.
«Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселелердің бірі қазақ халқының қасиетті артефактісі – Кенесары ханның сүйектерін іздеу және Қазақстанға қайтару тақырыбы болды. Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл үдеріске көмек көрсетуді сұрады», — деп жазды Айдос Үкібай.
«Елбасы соңғы ханның сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталуы қазақ халқы үшін өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады», — деді ол.