CaspianLife, 23 маусым — Онлайн-брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 20-дан астам адам жұмыс істейтін ұжымдар міндетті вакцинациялауға және ПТР-тестілеуге жататынын атап өтті.
Бұл жағдайда ПТР тестін тапсыру туралы анықтаманы әр жеті күн сайын жаңалап отыру керек болады.
«Біз ұйымдасқан топтар туралы айтқанда, 20-дан астам адамнан тұратын кез-келген ұжымды айттық. Яғни, 20 адамнан асатын кез-келген ұжымға міндетті түрде вакцинация жүргізу немесе медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, әр жеті күн сайын ПТР – тест жүргізу туралы талап қойылады», — деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді.
«Егер вакцина алуға болмайтын жағдай болса, онда ПТР-зерттеуден өту қажет емес. Ел бойынша медициналық шеттетуі бар мұндай азаматтар 1% – дан аз, сондықтан, егер олар тіпті ұжымда болса, олар ұйым ішіндегі басқа әріптестерінің иммунитеті есебінен қорғалады», — деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бұл шаралар алғаш рет 22 маусымда КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. ВАК-қа қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіп қызметкерлері арасында міндетті иммундауды енгізу сол кезде ұсынылды.