CaspianLife, 7 маусым — Алексей Шпилевский «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Ол бұл қызметте 2,5 жыл жұмыс істеген.
Ол «Эрцгебирге» футбол клубына шақырту алып, жаңа қызметке тағайындалған. «Қайрат» ФК мерзімінен бұрын келісімшартты үзген бапкері үшін өтемақы алады.
Әзірге бас бапкердің міндетін атқарушы болып биылғы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын басқарған қазақстандық Кирилл Кекер тағайындалды.
«Қайрат» ФК Алексей Николаевич Шпилевскийге атқарған жұмысы және бірге қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс білдіреді! Жаттықтырушы мансабында табыс және жаңа жеңістер тілейміз!», — делінген клуб хабарламасында.
Шпилевскийдің неміс клубына кетуі туралы қауесет бірер күн бұрын пайда болды. 33 жастағы маман «Қайратқа» 2018 жылдың қарашасында келген, ал 2020 жылы алматылықтарды 16 жылда алғаш рет чемпионатқа шығарды. Сол чемпионатта «Қайрат» үшінші орында келеді.