CaspianLife, 3 маусым — Атырау қаласында Баймұханов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 2 маусымға қараған түні болған. 33 жастағы тұрғын баласымен серуендеп болып, таксимен үйіне кеш оралған. Анасы ұйқылы-ояу баласын үйге кіргізіп, көлікте қалған заттарын алып келуге шығып кеткен. Үйге қайта оралғанда баласының терезеден құлап бара жатқанын көрген. Бақытқа орай, бала аман қалды, түрлі жарақаттармен Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.
«Бұл жыл басынан бері тіркелген балалардың терезеден құлауының алтыншы жағдайы. Атырау қалалық полиция басқармасының алдын алу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, мұндай жағдайлар әлі де қайталануда», — делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция өкілдері көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-аналарының қарауынсыз қалуына байланысты болатынын айтты. Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды сұрады. Сондай-ақ, бала терезеге міне алмайтындай етіп жиһахдарды терезеден алыс жерге қою ұсынылады.
«Москти торлары да құлаудан қорғамайды. Керісінше, қайғылы жағдайға әкеледі. Яғни, балалар москит торларын қауіпсіз деп ойлап терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымына төтеп бере алмайды», — деп ескертеді полиция.
Ақпарат көзі: Caspian Life