СaspianLife, 31 мамыр — Канадалықтар адам шошырлық жағдайға тап болды. Бірнеше жыл бұрын үндістерге арналған мектеп маңынан 215 баланың мәйіті табылды.
Жергілікті үндіс тайпаларының бірі ұйытқы болып, Британ Колумбиясы провинциясында орналасқан Камлупс қаласы маңында жер астынан кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің сүйегі шығарылған еді.
Соған байланысты Ванкувер қаласында белсенділер мұражай алдына балалардың 200 сыңар аяқкиімін қойып, шеру ұйымдастырды.
«Біз сіздерді осы балалар үшін дұға етуге шақырамыз. Олар келместің кемесіне мініп, екінші жаққа сапар шегіп кетті. Онда тған-туыстары мен ат-бабалары күтіп алды деп ойлаймыз», — дейді акцияға қатысушылардың бірі.
Бұл оқу ордасы 1890 және 1969 жылдар аралығында қызмет еткен. Мектеп-интернатқа әкелінген үндіс балалары Канада қоғамына үйренісу үшін тәрбиеленеді деген желеумен жеткізіліп отырған. Ресми деректер бойынша, 150 мың оқушының ішінде 3 200 бала таяқ жеп немесе түрлі аурудан қайтыс болған. Мұндай мектептердің соңғысы Канадада 1996 жылы жабылған еді.