Калада көктайғақтан зардап шеккендер саны күрт көбейді.
17 ақпаннан бері түскен қалың қардың тазаланбауы салдарынан қала іші мен аудардардағы жол көк тайғақ. Бір аптаның ішінде 210 адам, ал бүгін жарты тәулік ішінде 20 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгініпті. Олардың басым бөлігінің қол-аяғы сынған. Дәрігерлер мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр. Сондықтан, медицина кызметкерлері мұндай күнде мейлінше үйде болуға, сыртқа шыққан күннің өзінде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.
Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі
17 ақпаннан бастап біздің бөлімге 210 науқас қаралды. Оның ішінде 11 науқас травмотология бөлімшесіне салынды, қалғандары аяқтай ем алуға кетті. 30 науқасқа әртүрлі сынықтарына байланысты гипс салынып, үйлеріне қайтарылды. Ең бірінші көшеде жүргенде асықпай жүру. Екіншіден, ыңғайлы аяқ киім. Табанында кедір-бұдырлары бар аяқ киімдер кию керек. Баратын жеріне ертерек шығып, асықпай бару. Сосын құлаған кезде денесін барынша ширатып үлгеру керек.
Малика Такежанова